4 тамызда Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының шұғыл отырысы өтті.
Жиында ақтөбелік жанкүйерлердің УЕФА конференц-лигасының екінші іріктеу кезеңінің «Торпедо Кутаисиге» қарсы қарымта ойынындағы (1:2) рұқсат етілмеген әрекеті талқыланды.
Жиында жоғарыда аталған матчтың қожайыны ретінде «Ақтөбе» футбол клубының УЕФА, ҚФФ және ҚКФЛ-ның тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін бұзғаны айтылды.
Сондай-ақ, аталған ұйымдардың ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіруіне байланысты кеңес отырысында Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионды белгісіз мерзімге дисквалификациялау мәселесі ұсынылды.
Комментарии