3-13 тамыз аралығында велоспорттан Шотландияда бірінші біріккен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін ерлер арасында топтық жарыс өтіп жатыр, оған қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров қатысуы тиіс еді, бірақ спортшы жарысқа қатысудан бас тартуға шешім қабылдады.

Бұған себеп шабандоздың денсаулығының нашарлығы болды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Евгенийдің қызуы көтеріліп, тамағы ауырған.

Фото: olympic.kz