Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы бонустардың жаңартылған рейтингін жариялады, сол бойынша ұйымның ең үздік файтерлері сыйақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орында аса жеңіл салмақтағы OCTAGON-ның бұрынғы чемпионы «Қазақ Сехудосы» Дамир Төленов тұр. Одан кейінгі орындарда Антонина Котляревская мен жартылай жеңіл салмақтағы өзбекстандық файтер Мухаммаджон Курбанов.

Еске салайық, OCTAGON 48 турнирі 18 тамызда Бакуде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде әзербайжандық файтер Гундуз Набиев (6-4) өзбекстандық Ислом Болтаевпен (3-2) реванш өткізіп, салмақтағы уақытша чемпиондық титулды сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 48 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink