Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев «Дядя Ваня» телеграм-арнасына берген сұхбатында дебютінде ямайкалық Оди Осборнды жеңуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир нәтижесінде бес файтер кештің үздік өнері үшін $50 000 бонус алды. Олардың қатарында Асу Алмабаев та болды.

— Бұл жекпе-жек қиын болды ма? Иә, Әлхамдулиллах, әрине оңай болмады. UFC-дегі дебют – жеңіс сериясында, жеңілмей келе жатқан Қазақстан өкілі ретінде мен үшін үлкен жауапкершілік. Маған көп көңіл бөлінді - осыған байланысты толқығаным рас. Бәрі біз ойлағандай болды.

Мен бұл қарсыласты мерзімінен бұрын жеңе алатынымды сездім, бірақ оған көңіл бөлмедім. Екінші раундтың аяғында немесе үшінші раундтың басында жеңіске жетемін деп ойладым. Сол сәтте менің басымда мүлде басқа ойлар айналып жатты... Дегенмен, ең бастысы, артық сұрақсыз, октагоннан жеңімпаз ретінде кету маңызды болды. Енді алға қарай жылжи береміз», - деді Асу.