Қазақстандық Милад Карими Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада секіруден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы секіруде финалда Украина мен Тайпей спортшыларынан ұтылып, үшінші орын алды.

Еске салайық, 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада өтіп жатыр.

Қазақстан атынан 11 спорт түрінен 93 спортшы қатысуда.