5 тамыздан 6 тамызға қараған түні Даллас қаласында (АҚШ) бокс кеші өтті.

Басты сайыста америкалық блогер Джейк Пол мен жақында ғана UFC-ден кеткен Нейт Диаз жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек үш минуттық он раунд форматында өтті. Жекпе-жек 10 раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен Полдың жеңісімен аяқталды.