Канаданың Торонто қаласында 7-13 тамыз аралығында ерлер арасында мастерс турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған Польша өкілі Хуберт Хуркачпен шеберлік байқасады.

Торонто мастерс жарысында әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас бастаған маңдайалды теннисшілер қатысып, бақ сынайды.

Доданың жүлде қоры 6,6 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

А.Бублик осыған дейін Вашингтон ATP 500 турнирінде франциялық Гаэль Монфиске жол берген еді.