«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола «Барселонаның» клуб жартылай қорғаушысы Бернарду Силваға қызығушылық танытуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен мұнда болғысы келмейтін ойыншы қажет емес деген сөзді түсіндіргім келеді. Біз ұсыныс алуымыз керек. Ал бізге лайықты ұсыныс түспеді.

Бернарду біздің ойыншы. Ол бізге керек. Егер олар («Барселона») оны сатып алғысы келсе, осы жерге келіп, біздің спорт және бас директорымызбен сөйлессін», - деп келтіреді маманның сөзін Goal.