«Манчестер Сити» ресми сайтында өткен маусымда «РБ Лейпцигте» өнер көрсеткен хорватиялық қорғаушы Йошко Гвардиолмен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы қорғаушының «қалалықтармен» келісімшарты бес жылға есептелген.

БАҚ хабарлауынша, Гвардиолдың «РБ Лейпцигтен» «Манчестер Ситиге» трансфері 90 миллион еуро және бонус ретінде 10 миллион еуро құрады. Бұл хорватиялық ойыншыны футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушыға айналдырды.

Өткен маусымда Гвардиол «РБ Лейпциг» сапында барлық турнирлерде 41 кездесу өткізіп, үш гол соқты. Хорватия құрамасы сапында орталық қорғаушы 2022 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.