Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Монреалда (Канада) өтетін WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина турнирді 1/16 финалдан бастайды. Бұл кезеңде Дженифер Брэди (АҚШ) - Елена Остапенко (Латвия) матчының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, бұл Рубакинаның Уимблдоннан кейінгі алғашқы турнирі болады. Ол ширек финалда тунистік Онс Жаберге жол беріп, чемпиондық титулын қорғай алмаған еді.

Фото: olympic.kz