ПСВ 2023 жылғы Нидерланды Суперкубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эйндховендік команда «Фейеноордты» жеңді.

Роттердамдағы стадионда өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 79-минутта Ноа Ланг соқты.

Осылайша, ПСВ Нидерланды Суперкубогын қатарынан үшінші рет жеңіп алды. Бұл тарихтағы рекордтық көрсеткіш - 14 мәрте.