Қырғызстандық жартылай қорғаушы Гүлжігіт Алықұлов клубқа қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай қорғаушы 2019 жылы ойнаған Неман командасына оралды. Бұл туралы Қырғызстан құрамасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алықұлов 2020 жылы алматылық «Қайраттың» қатарына қосылды. Небәрі үш жарым маусымда оңтүстік астаналық команда сапында Премьер-лигада 65 матч өткізіп, 8 гол соқты.