Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Асу Алмабаев UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі қарсаңында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың ресми салмағы 56,93 келі болды. Файтер 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, сондықтан Асу Алмабаев Дана Уайт промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінің алдында салмақты сәтті орындады.