Қазақстан конькишілер одағы белгілі ресейлік мәнерлеп сырғанаушының Қазақстан азаматтығын алуына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат одақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің одақ ресейлік мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкинаға Қазақстан құрамасында өнер көрсету жөнінде өтініш жасаған жоқ. Спортшы азаматтығын өз еркімен ауыстырды. Жалпы Қазақстан азаматтығын беру мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады. Егер азаматтық берілген жағдайда жеке тұлғаның тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар. Спортшы ұлттық құрамда өнер көрсетуге өтінім беруге құқылы», - делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар одақ хабарламасында бүгінде ресейлік спортшының азаматтық алу мәселесі қарастырылып жатпағаны айтылған.

Айта кетсек, кейбір БАҚ беттерінде ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғаны туралы хабар тараған еді.