Prosports.kz порталы хабарлағандай, УЕФА түрлі комитеттерді жаңартты.

Футзал және жағажай футболы комитетінің жаңа құрамына тағы да Қайрат Оразбеков кірді. ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Ұлттық қауымдастықтар комитетінде қызметін сақтап қалды.Ал ҚФФ басқарушы директоры Бағдат Қасенов Стадиондар қауіпсіздігі комитетінде, Олжас Абраев Ойыншылар мәртебесі, трансферлер мен матч агенттері комитетінде.

Сонымен қатар, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Фэйр-плей және әлеуметтік жауапкершілік комитетінде өз қызметінде қалды.