«Барыстың» канадалық қақпашысы Эдди Паскуале ҚХЛ-да жалақысы ең көп голкипер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт-Экспресс» сайтына сілтеме жасап.

Паскауленің астаналық командадағы жалақысы - жылына 325 миллион теңге шамасында. Хоккейші елордалық команға магнитогорскілік «Металлургтен» ауысқан болатын. Келісімшарт 2 маусымға, 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды. Яғни келісімшарты аяқталғанша ол 650 миллион теңгедей табады.

Екінші орында «Куньлуньнің» жаңа қақпашысы Джереми Смит тұр, оның жылдық жалақысы - 253 миллион теңге, ал үздік үштікті «Автомобилист» қақпашысы Евгений Аликин (239 миллион теңге) түйіндейді.