Шабуылшы Лерой Сане осы жазда «Бавариядан» кетпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін футболшыға «Барселона» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Футболшы бір жылдан кейін, мюнхендік командамен келісімшарттың аяқталуына бір маусым қалғанда карьерасын жалғастыру нұсқаларын қарастырады.

Сане өткен маусымда Бундеслиганың 32 ойынында 8 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.