Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Асу Алмабаев UFC-дегі дебюті алдында ММА-дің басқа промоушендеріндегі тәжірибесі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі MMA.Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.

«Мен Brave-де ғана емес, Ресейдің DIA, Fight Nights, Tech-Krep, M-1, Berkut Young Eagles лигаларында өнер көрсеттім. Бәріне алғыс айтамын және ешкімге шағымым жоқ. Олардан біз сияқты файтерлерді дамытады. Біз осындай лигалардан бастаймыз, содан кейін АҚШ-та нәтижелерімізді көрсетеміз. Бұл лигалардың арқасында мықты файтер боламыз. Мен М-1 және Naiza белбеуін жеңіп алдым. Бұл маған UFC сияқты үлкен лигаға жетуіме көмектесті.

... Психологиялық тұрғыдан жасыма сай файтермін. Енді 29 жасымда UFC-де өнер көрсетуге дайынмын», - деді Алмабаев.

Қазақстандық файтер UFC-дегі дебютін 6 тамызда UFC on ESPN 50 турнирінде өткізеді. Жекпе-жек Астана уақытымен шамамен таңғы сағат 4:00-де басталады.