Швейцариялық Blick басылымы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Тобыл» - «Базель» матчында кім үздік, кім нашар болғанын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қостанайлықтар «Базельден» өз алаңында 1:2 есебімен жеңілген. Бірақ екі матч қорытындысы бойынша 4:3 есебімен жеңген болатын.

«Үздік ойыншы – Серж Дебле. «Тобыл» шабуылшысы жиі қауіп төндірді, маңдайшаға тиді, пенальти тепкенде де жүйкесі сыр бермеді. Ивуар бірінші матчта да гол соққан. Ал ең нашар кім болды – бұл төреші Милош Миланович пен оның бригадасы. «Базель» футболшысы қолмен ойнады деп пенальти беру – сәтсіз қалжың! Доп Ван Бременнің қолына өте жақын қашықтан тиді», - деп жазды Blick басылымы.