Екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға қонақ болып келуі мүмкін. Оны жыл соңында өтетін бокс кешіне шақырған.

Сайт ақпараты бойынша, бокс кеші Алматы немесе Астанада өтеді, ал боксшымен жанкүйерлерінің кездесуі де жоспарланған.

Айта кетейік, Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 30 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізеді. Қарсыласы – бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО).

"Канеломен" Геннадий Головкин үш рет жұдырықтасты. Біріншісі тең аяқталса, кейінгі екі жекпе-жекте төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды.