«Ақтөбе» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Румынияның «Сепси» командасымен кездеседі.

10 тамыз – "Сепси" стадионы, Сфынту-Георге. 17 тамыз – Орталық стадион, Ақтөбе. Румыниялық команда Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қос матчтың қорытындысы бойынша болгариялық "ЦСКА София" командасын 6:0 (2:0, 4:0) есебімен тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты.