Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тобыл» бір апта бұрын Швейцарияда «Базельді» 3:1 есебімен жеңген болатын. Сондықтан Қостанайда алаң иелеріне жеңу мен тең түсуден бөлек, бір гол айырмашылығымен жеңілу де жеткілікті еді.

26-минутта Антон Каде «Базельді» алға шығарды. Алты минуттан соң қонақтар екінші голын салды. Жан-Кевин Огюстен он бір метрлік айып соққысынан мүлт кетпеді.

Бірақ қостанайлықтар таймның соңына қарай есеп айырмасын қысқарта алды. Бас қазы «Базель» қақпасына да пенальти белгілеп, нүктеге келген Серж Дебле дәлдік танытты.

Екінші таймда Дебленің есепті теңестіретін мүмкіндігі де болған, бірақ ол тепкен доп қақпа маңдайшасына тиді.

Екі команда да одан кейін тоблодағы көрсеткішті өзгерте алмады. Осылайша, «Тобыл» өз алаңында 1:2 есебімен жеңіліп қалса да, екі ойын қорытындысы бойынша 4:3 есебімен басым түсті.

Енді Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде солтүстікирландиялық «Дерри Сити» мен финляндиялық «КуПС» матчының жеңімпазымен кездеседі.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Бірінші матч - 3:1

«Тобыл» (Қостанай) - «Базель» (Швейцария) 1:2 (1:2)

Голдар: Каде 26, Огюстен пенальтиден 32, Дебле пенальтиден 43