Қазақстандық теннисші, әлемнің 340-ракеткасы Денис Евсеев Порто (Португалия) челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингте 541-орында тұрған португалиялық Жоао Домингешті жолдан тайдырды - 6:2, 3:6, 6:3.

Екінші айналымда әлемнің 189-шы, доданың 6-ракеткасы, америкалық Эмилио Наваның меселін қайырды - 3:6, 6:3, 7:5.

Евсеев 1 сағат 44 минутқа созылған кездесуде 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыласы 5 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 297-ракеткасы, франциялық Жюль Мари немесе рейтингте 350-сатыдағы португалиялық Гаштау Элиаштың біреуімен таласады.

Д. Евсеев өткен аптада Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы атанған еді.