Жартылай орта салмақта UFC-дің экс-чемпионы Камару Усман рейтингтегі алтыншы нөмір Шавкат Рахмоновпен кездесуді қаламайды.

«Шавкат мені қызықтыра ма? Жоқ. Екеуіміз Флоридада бірге дайындалғанбыз. Ол титулға келе жатыр. Арманы. Бірақ қазір ол титул үшін төбелісіп жатқан жоқ», — деді Усман TMZ-ге берген сұхбатында.

Шавкат Рахмонов UFC-де бес жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлық жекпе-жегінде жеңіске жетті.