«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев УЕФА Конференция лигасының 2-іріктеу кезеңі аясындағы «Легияға» қарымта матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

– Бірінші матч біз үшін қиын болды деуге келеді. Десе де ертең бізді бұдан да маңызды матч күтіп тұр. «Легия» өз алаңында, жанкүйерлерінің қолдауын сезініп ойнайды.

Бірінші ойын «Легияның» нақты қандай команда екенін анықтап берді. Енді біздің қолымыздағы қарсылас туралы ақпарат нақтырақ.

«Легияға» үлкен құрметпен қараймыз. Дегенмен бірінші ойында күшімізді, жеңіске деген құштарлығымызды көрсете алдық деп ойлаймын. Қарымта ойында да дәл солай болады. Бәрі бізге байланысты. Сондықтан да біз өз күшімізге сенеміз. Келесі кезеңге өтетін қандай мүмкіндінгіміз бар екенін айтқым келмейді, бірақ бәрі де біздің қолымызда екені анық.