Швейцариялық «Базель» командасының футболшылары, жаттықтырушылар штабы мен қызметкерлері Қостанайға бүгін жетті, деп жазады Prosports.kz.

Қостанайда Конференция лигасының екінші ірктеу кезеңі аясындағы қарымта матч өтеді.

«Базель» отырған ұшақ Қостанай әуежайына жергілікті уақыт бойынша 3 тамыз күні таңғы сағат 07:45-те жетті. Ойын кешкі сағат 20:00-де басталатынын ескерсек, олар матчтың басталуына 12 сағатқа жуық уақыт қалғанда келді.

Айта кетейік, швейцариялықтардың Қазақстанға рейсі кабинаның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты 32 сағатқа кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, Швейцарияда өткен «Базель» мен «Тобыл» арасындағы алғашқы ойында 3:1 есебімен қонақтар жеңіске жеткен.