АҚШ-та Лига кубогының 1/16 финалы аясында «Интер Майами» мен «Орландо Сити» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Майамидің» жаңа ойыншысы Лионель Месси дубль жасады, ол 7-минутта есеп ашып, 71-минутта екінші голын соқты.

Осылайша, аргентиналық ойыншы екі матч қатарынан дубль жасап отыр. Өткен матчта ол «Атланта» қақпасына екі рет дәл көздеді. Оған дейін «Крус Асуль» қақпасына бір гол соққан.