Prosports.kz назарларыңызға УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Тобыл» — «Базель», «Ақтөбе» — «Торпедо» Кутаиси және «Легия» «Ордабасы» матчының тікелей трансляциясын ұсынады.

Бүгін қарымта кездесулер өтеді.

«Тобыл» — «Базель» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді.

27 шілдеде сырт алаңда өткен ойында қостанайлық команда 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ерлік жасаған. Бүгін тең нәтиженің өзі оларды келесі кезеңге шығарады.

Ал «Ақтөбе» — «Торпедо» Кутаиси матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады, бұл кездесуді де Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Бір апта бұрын Грузияда ақтөбеліктер 4:1 есебімен жеңіске жетіп, мәселені жартылай шешіп қойған. Бүгін білгенінен жаңылмаса, үшінші айналымға өтуге мүмкіндік мол.

Астана уақытымен 3 тамыздан 4 тамызға қараған түні сағат 01:00-де «Ордабасы» сырт алаңда «Легиямен» кездеседі. Бұл ойынды да Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Шымкентте өткен алғашқы матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіп тұрып, сол есепті ұстап қала алмады. Польшалық команда екінші таймда есепті теңестіріп кетті.