Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (17-2) UFC-дегі дебютінің алдында ресми UFC фотосессиясына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

5 тамызда қазақстандық файтер UFC үздік промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін ямайкалық спортшы Оде Осборнға қарсы өткізеді.

Еске салайық, ММА-дағы 19 кәсіпқой жекпе-жектің 17-сінде қазақстандық жеңіске жетіп, екеуінде ғана жеңілген. Ал қарсыластың жалпы рекорды 12-5, UFC-де 4-3.