«Астана» нидерландтық велошабандоз Кейс Болмен келісімшартын ресми түрде ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шабандоз командаға биыл қаңтарда келген, келісімшарт тағы екі маусымға, 2025 жылға дейін жасалды.

Еске салайық, Кейс «Астана» құрамында Сауд Арабиясы туры кезеңдерінде екі рет жүлделі орынға көтерілген.