Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Люденшайд қаласында (Германия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Скатов Украина өкілі Алексей Крутыхты 6-3, 6-7, 7-5 есебімен жеңді.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 45 минутқа созылды.