Танымал қазақстандық файтер Асу Алмабаев (15-2) АҚШ-қа ұшып кетті, бұл туралы ол суретін жариялау арқылы жазылушыларды хабардар етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асу қазір UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі өтетін Нэшвиллде.

5 тамызда Алмабаев UFC турнирінде ESPN 50 арнасында америкалық Оде Осборнмен (12-5-1, UFC 4-3) жұдырықтасады.