Қазақстандық теннисші Александр Бублик Вашингтонда АТР 500 турниріндегі екінші айналымда кездесетін қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол уайлд-кард иегері, франциялық Гаэль Монфиспен күш сынасады. Француз алғашқы матчында америкалық Бьорн Фратанджелоны 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Бублик пен Монфис АТР туры аясында екі рет кездескен. Әзірше жеке есеп - 1:1. 2020 жылы «Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық жеңіске жетсе, өткен маусымда Аустралия ашық чемпионатында Монфис басым болған.