Шешен текті швед UFC боксшысы Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновпен болған текетірес пен әлеуметтік желіде орын алған дауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Obzor Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

29 жастағы швед азаматы Рахмоновпен бетпе-бет келгенін айтты.

«Қазір ТМД-дан шығатын әр жекпе-жекте "Хамзатпен төбелессең, ол сені сындырады" деген сөзді айтуды сәнге айналды. Осындай хайп пен танымалдықтың кесірінен неше түрлі ақымақтықтар орын алуда. Жанкүйерлер мені Шавкатпен салыстырып, онымен жекпе жекке шығуға шақыруда. Біз жекпе жекке шығып көрмейінше, кімнің кім жеңетінін ешкім нақты айта алмайды.

Қазақтар біздің бауырымыз. Шешен жігіттері әрине жақсы, бірақ интернетте неше түрлі ақымақтықтарды айтып, бір бірін ренжітуді қояр емес. Бізге мұндай нәрсе керек емес. Шавкат екеуміз шайқаста кездессек, мықтысы жеңеді. Ол жақсы жігіт, жаман нәрсе айтпайды», - деді Хамзат Obzor Press YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін аралас жекпе-жек шеберлері әлеуметтік желіде ауызша қақтығыс ұйымдастырған болатын.