Қытайлық теннисші У Ибин Вашингтонда АТР 500 турнирінің матчы кезінде есінен танып құлап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің алғашқы айналымында У Ибин жапониялық Есуке Ватанукимен кездесті. Қытайлық теннисші бірінші сетте 4:1 есебімен жеңіп жатқан. Өз орындығына бара жатқан кезде құлап қалды.

Корттағы қызметкерлер теннисшіге көмектесті. Бірақ қытайлық спортшы ойыншы жалғастыра алмай, келесі кезеңге Ватануки шықты.

23 жастағы спортшы ыстық өтуіне байланысты құлап қалды деген пікір айтылды.