Бүгіндері Вашингтонда (АҚШ) теннистен ATR-500 турнирі өтіп жатыр. Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик жұптық сында іріктеу кезеңінен мүдірмей өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іріктеу кезеңінің финалында қазақстандық Нидерланды елінің спортшысы Таллон Грикспурмен тізе қосып, үндістандық тандэм - Анируд Чандрасекар-Виджай Сундар Прашантты 7:5, 4:6, 10:6 есебімен жеңді.

1 сағат 27 минут барысында қазақстандық-Нидерланды дуэті жеті эйс орындап, екі рет қателікке жол берді және бес брейк-поинттың екеуін сәтті жүзеге асырды.