УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Ақтөбе» – «Торпедо» Кутаиси матчына төрешілер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу3 тамыз күні Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Бұл ойынға мальталық төрешілер тобы қызмет атқарады.

Бас төреші: Трастин Фарруджа Кан;

Бас төрешінің көмекшілері: Люк Портелли, Дункан Султана;

Төртінші төреші: Малкольм Спилтерри (бәрі – Мальта).