Riyadh Masters 2023 турнирінің гранд финалында Team Spirit ұжымы Team Liquid командасын (3:1) жеңіп, Dota 2-ден Сауд Арабиясында өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар бұған дейін жеңімпаздар финалында кездескен. Сол кезде Ярослав Miposhka Найденовтың командасы жеңіске жеткен болатын.

Riyadh Masters 2023 турнирі 19-30 шілде аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Gamers8 фестивалі аясында өтті. Чемпионаттың жүлде қоры 15 миллион АҚШ долларын құрады.