«Астана» шабандозы Алексей Луценко Испанияда өткен «Круг Гечо» біркүндік веложарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Луценко мәре сызығына 4 сағат 19 минутта кесті. Екінші орын Lidl - Trek шабандозы Тони Галлопенға бұйырды. Үздік үштікті «Астананың» тағы бір шабандозы, италиялық Симоне Веласко түйіндеді.

Назарларыңызға аталған жарыстың үздік сәттерінен бейнешолу ұсынамыз.