Ресей чемпионатының 2-турында мәскеулік ЦСКА мен Грозныйдың «Ахматы» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грозныйда өткен ойында ЦСКА 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Ахмат» (Грозный, Ресей) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 2:3 (2:2)

Гол соққандар: Чалов пенальтиден 13 (0:1), Конате пенальтиден 27 (1:1), Чалов пенальтиден 45+1 (1:2), Конате пенальтиден 45+11 (2:2), Чалов пенальтиден 79 (2:3).

Алаңнан қуылды: Быстров 12, Гайич 45+10, Семенов 90+6.

Айта кетейік, ЦСКА сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов алаңда 90 минут доп тепті. «Ахмат» сапындағы ұлттық құраманың қорғаушысы Марат Быстров негізгі құрамда алаңға шыққанымен, бірінші таймда алаңнан қуылды.