Ресей чемпионатының 2-турында мәскеулік ЦСКА мен Грозныйдың «Ахматы» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Грозныйда өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:00-де басталады.

ЦСКА сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетсе, «Ахмат» сапында ұлттық құраманың қорғаушысы Марат Быстров доп тебеді.

Негізгі құрам:

«Ахмат»: Шелия, Семенов, Быстров, Тодорович, Челикович, Тимофеев, Камилов, Олейников, Бериша, Ильин, Конате.

ЦСКА: Акинфеев, Набабкин, Мойзес, Рядно, Кучаев, Мухин, Зайнутдинов, Гайич, Мендес, Заболотный, Чалов.