“Қайсардың” бас бапкері Виктор Кумыков “Қайратқа” қарсы ойын туралы пікірін білдірді.– “Қайрат” чемпионаттағы жоғары деңгейлі команда екені белгілі. Біз қарсыласымыздан бір бас жоғары болдық деп есептеймін. Өйткені қауіпті шабуылдардың барлығы біздің тарапымыздан орын алды. Мұны статистиканың өзі айқындап тұр.