Қазақстан өкілі Бейбіт Жұқаев Лос-Кабостағы турнирдің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұқаев бірінші іріктеу кезеңінде мексикалық Лука Лемаитрді жеңді - 7:6, 6:4.

Айта кетейік, матч 1 сағат 58 минутқа созылды.

Турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін қазақстандық америкалық Киган Смитпен ойнайды.