30 шілдеге қараған түні "Барселона" мен "Реал Мадрид" арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эль-Класико Арлингтон қаласындағы (Техас, АҚШ) AT&T стадионында өтіп, каталондықтардың 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Усман Дембеле, Фермин Лопес Мартин және Ферран Торрес гол соқты.

Айта кетейік, келесі ойында «Барселона» «Миланмен» (2 тамызда), «Реал» «Ювентуспен» (3 тамызда) кездеседі.