«Ордабасы» ойыншысы Евгений Макаренко УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында өткен «Легияға» қарсы матч туралы пікірін айтты.

– Екінші соғылған голдан соң командада матчты жеңіспен аяқтаймыз деген сенім болғандай. Мүмкін кейбір сәтте қорғанысқа сақ болып ойнауымыз қажет пе еді. Десе де шабуылға шығып, үшінші голды соғатындай мүмкіндік жасады. Бірақ бұл футбол. Шабуылға шыққан соң қарсыластың қармағына түсіп қалдық. Қарсылас команда сапында мықты ойыншылар көп. Бір мүмкіндігін пайдаланған соң, шабуылды үдетіп, екінші голын соқты.

«Легия» - өз елінің соңғы жылдарындағы чемпионы. Сапында мықты ойыншылар көп. Ойыны да жақсы. Не дегенмен еуроаренада сәтті өнер көрсетіп жүр. сондықтан мұндай командаларға ерекше көңіл бөліп ойнау қажет.

Бір аптадан соң Варшавада жауапты матч күтіп тұр. Жат стадиондағы мүлдем басқа ойын болмақ.