Футболдан Италия құрамасы мен «Ювентустың» бұрынғы қақпашысы Джанлиуджи Буффон мансабын аяқтауды шешті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол жақында ресми жариялайды, деп хабарлады инсайдер Маттео Моретто Twitter парақшасында.

45 жастағы Буффон мансабының көп бөлігін «Ювентуста» өткізді, туриндік клубта ол 700-ге жуық ойынға қатысты.

2021 жылы жазда ол «Пармаға» ауысқан. Буффон өткен маусымда Италия В сериясында 17 кездесуде алаңға шықты.