Арабиялық «Аль-Наср» фубол клубы «Бавария» шабуылышсы Садио Манені сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы сенегалдық jqsyis «Аль-Насрмен» үш жылға жарамды келісімшартқа отырды, ол жылына 25 миллион еуро жалақы алады. Бұдан бөлек 1-2 миллион еуро көлемінде бонустар бар.

Садио Мане өткен маусымда 38 ойынға қатысып, 12 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы шабуылшының трансферлік құнын 25 миллион еуроға бағалап отыр. Мане мансабында «Мец», «Ред Булл Зальцбург», «Саутгемптон» және «Ливерпуль» командаларында ойнаған. Садио «Баварияға» былтыр шілде айында ауысты.