Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да PBC ұйымдастырған үлкен бокс шоуы өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Эррол Спенс пен Теренс Кроуфорд кездеседі. Бұл сында жартылай орта салмақтағы абсолютты әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Негізгі жекпе-жекте жеңіл салмақтағы мексикалық Исаак Крус пен америкалық Джованни Кабрера кездеседі.

Спенс — Кроуфорд жекпе-жегінің тікелей трансляциясын Астана уақытымен 05:55-те басталады, оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.