Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Setanta Sports UFC-ге берген сұхбатында америкалық Деметриус Джонсонмен октагонда кездескісі келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Деметриус Джонсонмен жекпе-жек өткізгім келеді. Ол қазір ONE FC сапында жерлесіміз Қайрат Ахметовпен жұдырықтасады. Екі легионер, екі тәжірибелі мықты файтер. Бірақ мен үшін де Джонсонмен жекпе-жек өткізу қызық болар еді, өйткені Деметриус Джонсон ең жеңіл салмақтағы аңыз. Қателеспесем 11 мәрте белбеуін қорғады. Ол ең жан-жақты файтер», – дейді Асу.

Айта кетейік, 5 тамызда Асу Алмабаев UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізеді, қарсыласы ямайкалық Оде Осборн болады.