Британиялық боксшы Дензел Бентли (18-2-1, 15 КО) WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (14-0, 9 КО) реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды: «Жәнібекке реванш өткізгіміз келетінін әрі оған дайын екенімізді айттық», - деп жазды ол.

Айта кетейік, маусым айында Бентлидің командасы Жәнібекпен реванш ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болған.

Айта кетейік, бентли былтыр қарашада Жәнібектен төрешілер шешімімен жеңілген болатыр.